Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов «Екі жұлдыз» шоуына қатысады, деп жазады Prosports.kz.

Ниязымбетов осы аптаның сенбісі, сағат 21.00-де Qazaqstan телеарнасында өтіп жатқан «Екі жұлдыз» шоуының екінші айналымына қатысады.

Еске сала кетелік, Әділбек - 2011, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы және 2012, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.