«БИІК-Қазығұрт» Бельгияның «Андерлехт» командасын жеңіп, қыздар арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.

Шымкенттік команданың осы жетістігінен кейін Қазақстан УЕФА әйелдер ассоциациясының 12 үздігінің қатарына қосылды. Осыған орай, келесі маусымнан бастап Чемпиондар лигасына Қазақстаннан екі команда қатысатын болады.

Айта кетейік, «БИІК-Қызығұрт» мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Ал екінші және үшінші орындарды көкшетаулық «Оқжетпес» пен елордалық СДЮСШОР №8 командалары сарапқа салады.