Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Пестов 14 жастағы баланы зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mash на мойке телеграм-каналының жазуынша, 67 жастағы Пестовты 14 жастағы бала айыптаған. 2017 жылдың шілде айы мен 2019 жылдың наурыз айларында бапкер баланы қорқытып, зорлаған да көрінеді.

Полиция айыпталушының пәтерін тінтіген. Пестовтың пәтерінен ноутбук, смартфон, екі флэш-диск, жазулары бар дәптер мен фаллоимитатор тәркіленді.