Каратэден Чилиде өтіп жатқан Халықаралық турнирдің А сериялы премьер-лигасында бес қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиадалық рейтингте көш бастап тұрған Дархан Асәділов, сондай-ақ Дидар Әмірәлі, Данияр Юлдашев, Игорь Чехмарев және Софья Берульцевалар Чилидегі аталмыш турнирді одан әрі жалғастырып, үшінші орынға таласатын болады.