18 қыркүйек күні Ресейдің Хабаровск қаласында батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем кубогы басталды.

Аталған сында өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар айтарлықтай жоғары нәтиже тіркей алмады.

Данил Мұсабаев 17-ші, Пирмаммад Әлиев 19-шы орыннан көрінді. Ал Игорь Грачев пен Данияр Түсіпов тиісінше 38-ші және 57-ші сатыға тұрақтады.

Кубоктік кезеңге жалпы есебі 70 спортшы қатысуда. Жарыс 23 қыркүйек күні аяқталады.