Бокстан Ресейдің Екатеринборында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Жеңіс құтты болсын!Алла жазса, бұдан да биік шыңдарды бағындырамыз!Бұйырса, бүгінгі күміс - ертеңгі алтын.Қолдауларыңызға үлкен раxмет!Әр қазақ менің жалғызым!Ұлтымыз үшін тер төгуден шаршамаймыз! Осы жетістікке жетуіме себепші,тілекші болған барша жандарға алғысымды айтамын», деп жазды қазақстандық боксшы.