21 қыркүйекте Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталады, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін әлем біріншілігінің алтын және күміс медельдерін алған сегіз боксшының есімін белетін боламыз. олардың арасында екі қазақстандық боксшы бар. Екеуі де өзбек спортшыларымен кездеседі.

Атап айтқанда, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов Дилшодбек Рузметовпен, ал ауыр салмақта (91 келіден жоғары) Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Джалоловпен жұдырықтасады.

Финалдық кездесулердің тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Тікелей эфирде СІЛТЕМЕ 1 ЖӘНЕ СІЛТЕМЕ 2 арқылы көруге болады.