Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасында өтетін бокс кешінің андеркардында 33 жастағы Эндрю Эрнандеспен жекпе-жек өткізеді. АҚШ боксшысы бұған дейін 29 жекпе-жек өткізіп, 20 кездесуде жеңіске жетсе, 7 рет жеңіліп, екі жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен.

Айта кетелік, Әли Ахмедов кәсіпқой аренада 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп 11 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.