Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
74 келі салмақта өнер көрсеткен Қайсанов бүгін өткен жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Ли Сын-Чхольді 6:0 есебімен ұтты.
Бүгін кешкі сессияда өтетін кіші финалда Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевке қарсы кілемге шығады.
Айта кетейік, Қайсанов кеше 1/4 финалда Италия балуанынан 0:5 есебімен ұтылып, жартылай финалға өте алмаған еді.
Комментарии