Нұрсұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының іріктеу сынында қазақстандық еркін күрес шебері Ғалымжан Өсербаев қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, деп жазады Prosports.kz.

79 келіге дейінгі салмақта Израиль өкілі Ханок Рачаминді 10:0 есебімен жеңген Өсербаев турнирдің 1/8 финалына шықты.

Еске сала кетейік, бүгін Расул Қалиев (61 келі) пен Әлішер Ерғалилер (97 келі) өз белдесулерін жеңіспен аяқтады. Сондай-ақ Данияр Қайсанов Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.