Ауыр атлетикадан Тайландта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Зүлфия Чиншанло жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зүлфия жарыс барысында 93 келіні жұлқа көтеріп, 120 келіні серпе көтеріп, нәтижесінде 213 келіні бағындырды. Дегенмен бұл көрсеткіш жүлделі орындарға таласуға әсте жарамайды.

Айта кетелік, қазақстандық ауыр атлет жұлқа көтеруде 95 келіні, серпе көтеруде 122 келіні көтере алмай қалған болатын.