Бүгін, 18 қыркүйекте, Тайландта ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты өз бастауын алады, деп хабарлайдs Prosports.kz сайты.

Чемпионатқа еліміздің атынан мына спортшылар қатысады: Арли Чонтей, Игорь Сон (55 кг дейін), Денис Уланов (89 кг дейін), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81 кг дейін), Илья Ильин (96 кг дейін), Ибрагим Берсанов (109 кг дейін).

Әйелдер арасында Зульфия Чиншанло (55 кг дейін) мен Екатерина Быкова (71 кг дейін) Қазақстанның намысын қорғайды.