Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші жарыс күнінде 70, 74, 92 және 125 келідегі балуандар бозкілемге шығады.

Сондай-ақ, кеше әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келіде чемпиондар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды.

Кешкі сессияда 65 келі салмақта финалға шыққан Дәулет Ниязбеков алтынға таласады.

20 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

11.00-16.00 – еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі іріктеу айналымы;

11.00-16.00 - әйелдер күресінен 62 және 68 келі, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесулері;

16.45 – 17.45 - еркін күрестен 70, 74, 92 және 125 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық бәсекелер;

18.00-21.00 - әйелдер күресінен 62 және 68 келі, еркін күрестен 57 және 65 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесулер және марапаттау рәсімі.