Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлы 9 қараша күні жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы екі чемпиондық белдігін қорғап қалды.