Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

57 келіге дейін салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда германиялық Джастин Джуниор Лерді еш қиындықсыз жеңді. Есеп - 7:0.

Айта кетейік, Санаев алғашқы айналымда молдавалық Анатолий Буруянды 11:0 есебімен жеңген болатын.