Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрестен Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымды сүрінбей өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

65 келіге дейін салмақта өнер көрсететін қазақстандық балуан Қытай елінің спортшысы Чан Ю-Суюанмен белдесіп, 10:0 есебімен қарсыласын жеңді.

Осылайша, Ниязбеков әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.