Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен төрт салмақ бойынша жұбаныш белдесулері өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

65 келідегі Айна Теміртасова алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуанын таза жеңіп, тағы бір жұбаныш белдесуін өткізуге мүмкіндік алды.

76 келідегі Эльмира Сыздықова италиялық қарсыласын 10:0 есебімен жеңді.

Қола медальға таласу құқығын алу үшін екі балуанымыз тағы бір кездесуде жеңіске жетуі тиіс.