Бүгін елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күні әйелдер күресінен үш балуанымыз жартылай финалда қарсыластарына жол берді.

55 келіде ел намысын қорғаған Марина Седнева жартылай финалда жапониялық Ирие Нанамиден 10:0 есебімен ұтылса, 72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова жартылай финалда Олимпиада чемпионы, ресейлік Наталья Воробьевадан 10:0 есебімен жеңіліп қалды.

Ал 50 келі салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Валентина Исламова қола жартылай финалда румыниялық Эмилия Вуктен ұтылды. Енді аталған үш балуанымыз да ертең, яғни 18 қыркүйек күні қола медаль үшін сынға түсетін болады.