Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Toray Pan Pacific Open турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда Юлия әлемнің 23-ші ракеткасы Петра Матричпен кездесуі өткізуі керек болатын. Алайда хорватиялық теннисші жарақатына байланысты жарыстан шығып қалып, жерлесіміз польшалық Катажина Кавамен кездесті.
Каваға қарсы матчты Путинцева екі сетте жеңіп алды - 6:4, 7:6.
Келесі кезеңде қазақстандық спортшы ресейлік Варвара Флинкпен бақ сынасады.
Комментарии