Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің бірінші кезеңінде Пуэрто-Риконың өкілі Моника Пуигты жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) осы кездесу аясындағы Заринаның соққысын «Күннің үздік соққысы» деп бағалады.