Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Санкт-Петербургте өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз италиялық Янник Синнерді 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Ал келесі кезеңде Кукушкин сербиялық Янко Типсаревичпен немесе босниялық Дамир Джумхурмен кездеседі.