Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дияс 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Пуэрто-Риконың өкілі Моника Пуигты екі сетте – 6:0, 6:3 есебімен ұтты.

Жерлесіміз 1/8 финалда Дарья Касаткина (Ресей) – Мэдисон Киз (АҚШ) кездесуінің жеңімпазымен сынға түседі.