Күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Марина Седнева жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келіде белдесетін Марина польшалық Лукасиаканы айқын басымдылықпен жеңді- 5:0.
Финал жолдамасы үшін өтетін белдесуде Седнева жапониялық спортшымен кездеседі.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова (72 келі) мен Валентина Исламова (50 келі) жартылай финалға жолдама алған еді.
Комментарии