Қазақстандық балуан Мейрамбек Айнағұлов күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

60 келіде белдесетін Айнағұлов ширек финалда хорватиялық Иван Лизатовичті 10:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Айнағұлов балуандар арасынан алғаш болып Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.