Күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Бразилия атынан сынға түсіп жүрген байырғы отандасымен белдескен Мейрамбек Айнағұлов қарсыласын 2 минутта айқын басымдылықпен ұтты.

60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Айнағұлов алғашқы белдесуінде Бразилия елінің намысын қорғап жүрген бұрынғы қазақстандық балуан Марат Гарипов. Қос қазақ балуаны арасындағы кездесу ұзаққа созылған жоқ. Жеңіс жерлесіміздің айқын басымдылығымен аяқталды.

Айта кетсек, Гарипов Алматыда туып, Таразда өскен. Грек-рим күресімен бала кезден айналысқан. 2010 жылы Қазақстан атынан Азия біріншілігіне қатысып, ал 2018 жылы Бразилия атынан Панамерика чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. Кейін, 2011 жылы құрлық асып, Бразилия елінің намысын қорғауға аттанған.