Қытайда регби-7 бойынша Азия сериясының екінші айналымы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайға есе жіберді. Қорытынды есеп - 10:21. Іріктеу айналымында Қазақстан Жапония мен Сингапурді ұтқан болатын.