Қазақстандық AVANGAR ұжымы BLAST Pro Series Moscow 2019 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық матчта AVANGAR командасы forZe ұжымын 2:1 есебімен ұтты. Қазақстандық топ 125 мың долларды қанжығаларына байлады.

BLAST Pro Series Moscow 2019 13-14 турнирі қыркүйек аралығында Ресейде өтті. Сайыста алты ұжым өзара бақ сынасты.