Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатында бүгін 87 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан Азамат Күстібаев екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық балуан франциялық Халисом Гильманмен кездесіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Күстібаев күрес түрлерінен әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Фото: olympic.kz