Елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Алмат Кебіспаев (72 келі) 1/2 финалда ұтылып қалды.

Қазақстандық балуан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері жапониялық Ото Шинобуға есе жіберді.

Ертең Алмат жұбаныш белдесуде қола медальға таласады.

Айта кетейік, Қорлан Жақанша 55 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағы үшін белдеседі.