Prosports.kz порталының тілшісіне белгілі болғандай, грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Мақсат Ережепов жұбаныш белдесуіне қатыспайды.

Еске сала кетейік, Мақсат Ережепов кеше ширек финалдық сайыста әзірбайжандық Рафик Хусейновке есе жіберді. Қазақстандық балуан жарақат алып, белдесуді жалғастыра алмады.