Бірнеше беделді БАҚ Геннадий Головкиннің жаңа промоутері атақты британиялық кәсіпкер Эдди Хирн болатынын хабарлаған болатын.

Boxingscene.com порталының журналисі Джейк Донованның пайымдауынша, 5 қазанға жоспарланған Сергей Деревянченко мен GGG жекпе-жегі өз күшінде қалады. Аталмыш промоутермен жұмыс істеу Головкинге де күш береді.

Эдди Хирн деген кім? Prosports.kz сайты егжей-тегжейлі талқылайды.

Британдық промоутер Эдди Хирн соңғы бес жылда табысын төрт есеге арттырды. Оның отбасысы бүгінде әлемнің мықты боксшыларының басын қосқан (Энтони Джошуа, Райан Барнетт, Джеймс Дигейл ,Халид Яфай, Тони Белью, Александр Усик, т.б) Matchroom Sport компаниясын басқарып отыр.

Matchroom Sport компаниясын 1982 жылы Эддидің әкесі Барри Хирн құрды. Ол өз ұлын 2004 жылы директор етіп тағайындады, сол кезде заңгер дипломын енді алған Эддидің жасы 25-те болды. Сол кезде компанияның есеп бойынша фирманың түсімі 7,5 млн фунт, ал таза пайда тек 380 мың фунтты құраған болатын.