The Ring журналисі Райан Сонгалия қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновке карьералық өсудің жаңа деңгейіне көтеріліп, едәуір мықтылармен жұдырықтасатын кез келді деп санайды.

Бүгін Данияр Нью-Йоркте америкалық Решард Хиксті бірінші раундта нокаутпен жеңді. Осы жекпе-жектен кейін шолушы Елеусіновті аты аңызға айналған Майк Тайсонмен салыстырды.

"Данияр Елеусінов Майк Тайсон сияқты рингке "Welcome to the Terrordome" деген ұранмен шығады, ал екі минуттан кейін Тайсон сияқты жеңілмеген Решард Хиксті тас талқан етеді. Оған жоғарылайтын уақыт келді. Ол рейтингіге енуге және бәсекелестікке өтуге дайын", - деп жазды Сонгалия твиттерде.