Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ернар Ерназарұлы (1-1, 1 КО) мансабындағы үшінші жекпе-жегін өтізеді.

23 жастағы боксшы 16 қыркүйек күні Мәскеудегі Korston Club кешенінде өтетін кеште шаршы алаңға шығады. Ернар Ерназарұлы жергілікті боксшы Александр Ильинмен (0-2) қолғап түйістіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Ерназарұлы мансабында 2 ғана жекпе-жек өткізіп үлгерді. Соңғы жекпе-жегінде ресейлік Ярослав Терешкинді төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.