Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының іріктеу айналымдары жалғасуда. Ертең шаршың алаңға Қазақстан атынан бір боксшы шығады.

12 қыркүйек күні өтетін іріктеу кезеңнде қазақстандық Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығады. 63 келіде жұдырықтасатын Зәкірдің қарсыласы - әзірбайжандық Бахтияр Газибаев.

Кеше Қазақстан құрамасының мүшесі Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Оңтүстік Корея өкілін жеңіп, келесі айналымға өтті. Бекзаттың қарсыласы - Корбай Барерра.