Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың ішінен бірінші болып Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға көтерілді.

81 келіде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея құрамасының өкілі Инжи Хонға қарсылас атанған. Бірінші раундтан басымдық танытқан қазақстандық боксшының қарсыласына қарағанда соққылары дөп тиді. Соңғы раундта Безат Нұрдәулетовтің бірнеше дәл соққысынан кейін кәріс боксшысы нокдаунға түсті. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.