Еуро-2020 іріктеу турнирінің В тобындағы командалар арасындағы матчта Литва құрамасы Португалияны қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа чемпиондары 7-ші минутта есепте алға шықты. Криштиану Роналду он бір метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ.

Литвалықтар 28-ші минутта таразы басын теңестірді. Голды Қазақстан чемпионатында бақ сынайтын футболшылар ұйымдастырды. «Жетісу» намысын қорғайтын Мантас Куклис пас алған «Тобыл» қорғаушысы Витаутас Андрюшкявичус мергендік танытты.

Алаң иелерінің өкінішіне орай, екінші тайда Португалия қақпаларыңа төрт доп соқты.