La Gazzetta dello Sport Италияның А Сериясында бақ сынайтын клубтардың ойыншыларына қанша айлық төлейтінін жариялады.

Футболшыларына ең көп жалақы төлейтін «Ювентус» болып шықты. Туриндік команда жылына 294 миллион еуросын ойыншыларына таратып береді екен. Оның 31 миллионы тек Криштиану Роналду алса, тағы тоғыз ойыншы 6 миллионнан алады екен.

Екінші орынға «Интер» (139 миллион) жайғасты. Ромелу Лукаку жылына 7,5 миллион табыс тапса, тағы 13 ойыншының жалақысы жылына 2 миллион еуро құрайды.

Үздік үштікті «Рома» түйіндеп тұр. Жылына 125 миллион еуроны футболшылардың жалақасын төлеуге жұмсайды екен. Командадағы ең көп жалақы алатын футболшы - Эдин Джеко (5 млн).