Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, Лионель Месси 2021 жылы Америка чемпионатына ауысуы мүмкін.

Қазіргі таңда MLS-те Златан Ибрагимович, Бастиан Швайнштайгер, Тим Ховард және Давид Вилья секілді танымал футболшылар доп тебеді. Атақты ойыншылар мансабын аяқталар тұста көбірек табыс табу үшін осы елге көшеді.

Айта кетейік, биылғы маусымда Месси жарақатына байланысты «Барселонада» бірде бір матч өткізген жоқ.