Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде (сателлит) қазақстандық Эльмир Алимжанов топ жарды.

Алимжанов шпагадан ерлер арасындағы бәсекеде қарсылас шыдатқан жоқ. Финалда ол өзбекстандық Хасан Баудуновты жеңді. Ал қос қола жүлдені де Қазақстан құрамасының өкілдері жеңіп алды.

Иван Дерябин мен Дмитрий Адайкин қола жүлдегерлер қатарында.