Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов Токиода өтіп жатқан Премьер-лига кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Финалда ол италиялық қарсыласы, әлем үздіктерінің бірі Анджело Кречензоны 6:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осылайша, отандасымыз Дархан 60 келіге дейінгі салмақта өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеп отыр.

Ал 84 келіге дейінгі салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Игорь Чехмарев әзірбайжандық қарсыласы Айхан Мамаевтан 3:2 есебімен жеңіліп, қола жүлдеден қағылды.

Еске сала кетейік, Дархан Асаділов қазіргі таңда әлемдік рейтингте көш бастап тұр.