Футболдан Ресей мен Қазақстан арасындағы матч қарсаңында ресейлік БАҚ-қа шолу жасап көрген едік. «Чемпионат» сайтының тілшісі Владимир Прокофьев «Болжам: Черчесов - гений» деген тақырып қойып, алда өтетін матч туралы жазған екен. Prosports.kz тілшісі сол мақаланың қызықты тұстарын және Константин Геничтің болжамын қазақшаға аударып көрді.

«Қазақстан Шотландияны «күреп» өтіп, Бельгия мен Ресейден «таяқ жеді». Одан кейін Сан-Мариноны жеңіп, сырт алаңда Кипрмен тең түсті. Қырандар командасының шеберлігі біздің футболшылардан әлдеқайда кемшін түседі. Нәтиженің қандай боларына ешкімнің күмән келтірмейді.

Черчесов құрамасы темірдей тәртіп пен жанкештілікке үйренген. Біздің жігіттер алаңның кез келген тұсында қауіпті ойнай алады, футболшылардың ойынға деген ерік-жігері керемет, физикалық деңгейлеріне сөз жоқ. Сол себепті бұл матчта Қазақстан құрамасын анық аутсайдер деуге болады», дейді Прокофьев.

Ал белгілі комментатор Константин Генич «Қазақстан құрамасын қандай есеппен болса да ұтуымыз керек. Бельгияны қуып жету - үлкен проблема, ал екінші орында тұрақтап қалу үшін Қазақстанды жеңу - міндетіміз. Мен Ресей Қазақстанды жеңеді және өз қақпаларына гол жібермейді деп болжаймын», деді өз сөзінде.

Еске сала кетелік, Ресей – Қазақстан матчы қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні «Калининград» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 00.45-те өтеді.