Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2020 іріктеу кезеңінде Ресеймен ойнау үшін Калииградқа ұшып барды, деп жазады Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Никосия мен Калининград арасында 4 сағатқа жуық ұшқан құрама кеше кешке аман-есен жетіп, қонақүйге жайғасқан.

Команда құрамында кадрлық өзгерістер болады, себебі қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев екінші «сары қағаз» алуына байланысты матчқа қатыса алмайды.

Бүгін қос команданың қатысуымен матч алдындағы іс-шаралар өтеді.

Еске сала кетелік, Ресей – Қазақстан матчы қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні «Калининград» стадионында Нұр-Сұлтан уақытымен 00.45-те өтеді.