UFC басшысы Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың Хабиб Нурмагомедовке тағы да қарсылас атануы мүмкін екенін атап өтті, деп жазады Prosports.kz.

- Келесі қарсылас – Тони Фергюссон. Егер ол келіспесе, неге МакГрегормен айқасқа түспеске? Конор Хабибпен тағы бір кездескісі келеді. Аралас жекпе-жек фанаттарына қызықты боларына сенімдімін, - деді Уайт.

Еске сала кетелік, өткен түнде Абу-Дабиде өткен UFC-242 турнирінде дағыстандық Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңді.