Уайт: МакГрегор Нурмагомедовпен тағы төбелескісі келеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC басшысы Дана Уайт ирландиялық Конор МакГрегордың Хабиб Нурмагомедовке тағы да қарсылас атануы мүмкін екенін атап өтті, деп жазады Prosports.kz.
- Келесі қарсылас – Тони Фергюссон. Егер ол келіспесе, неге МакГрегормен айқасқа түспеске? Конор Хабибпен тағы бір кездескісі келеді. Аралас жекпе-жек фанаттарына қызықты боларына сенімдімін, - деді Уайт.
Еске сала кетелік, өткен түнде Абу-Дабиде өткен UFC-242 турнирінде дағыстандық Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңді.
MADNESS @TeamKhabib pic.twitter.com/76d5GUt2xZ
— Dana White (@danawhite) 7 сентября 2019 г.