Жағажай волейболынан Қазақстан командасы Грузиямен өткен матчта жеңіске жетіп, Еуролиганың промофиналына жолдама алды.

Ерлан Жамантаев жаттықтыратын команда жаңа рекорд орнатып, алғаш рет турнирдің финалына өтті. Финалда жеңіске жеткен жағдайда, А дивизионына жолдама беріледі.

Грузия – Қазақстан - 4:6 (1:3, 1:2, 2:1). 8 қыркүйек күні өтетін финалда Қазақстан құрамасы 1 топтың жеңімпазымен кездеседі.