Қазақстан жағажай волейболынан Еуролига финалына жолдама алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖағажай волейболынан Қазақстан командасы Грузиямен өткен матчта жеңіске жетіп, Еуролиганың промофиналына жолдама алды.
Ерлан Жамантаев жаттықтыратын команда жаңа рекорд орнатып, алғаш рет турнирдің финалына өтті. Финалда жеңіске жеткен жағдайда, А дивизионына жолдама беріледі.
Грузия – Қазақстан - 4:6 (1:3, 1:2, 2:1). 8 қыркүйек күні өтетін финалда Қазақстан құрамасы 1 топтың жеңімпазымен кездеседі.