Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуропа лигасы «В» дивизионының промофиналы аясында Грузия құрамасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Португалияның Фигейра-да-Фош қаласында өткен ойын 6:4 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Виктор Чорный, Всеволод Гаврилов (екеуі де - «Арман», Павлодар);

Қорғаушылар: Нұрлан Жүнісов, Игорь Демешко, Роман Богданов, Виталий Тюльпа (барлығы - «Арман», Павлодар), Абылай Ералы («Ұшкын-Искра», Астана);

Шабуылшылар: Баянбек Муралинов, Дмитрий Перевёртов, Асқар Әжікенов (барлығы - «Арман», Павлодар).

Жаттықтырушылар штабы: Ерлан Жамантаев - бас бапкер, Болат Аленов - бапкер, Владимир Ковган - бапкер, Азамат Кенжеғұлов - менеджер, Дархан Смаилов - дәрігер.