Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» спорт сарайында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің VI Спартакиадасының суперфиналы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу салтанатына Олимпиада чемпиондары, танымал қазақстандық спортшылар қатысты. Олардың арасында «Астана» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко да бар.

Спартакиада 7 және 8 қыркүйекте бірнеше спорт түрлерінен өтеді, соның ішінде футболдан да турнир өтпек.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Астана» футбол клубының бас серіктесі болып табылады.