EURO-2020 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Ресей футболшыларымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Матч 9 қыркүйектен 10 қыркүйеккен ауған түні 00:45-де басталады.

Бұл кездесуге черногориялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші - Никола Дабанович. Оған қос қапталдан отандастары Милован Джукич мен Йовица Татар көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Милован Милачич атқарады.