Болгарияның Албена қаласында УЕФА Даму Кубогы өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Аталған турнирге қатысып жатқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-15) бүгін алғашқы ойынын алаң иелеріне қарсы өткізді.

Матч 1:0 есебімен Болгария құрамасының жеңісімен аяқталды. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - Виктор Добрев. Ол ойынның 60-минутында Болгария құрамасына жеңіс сыйлады.

Болгария U-15 - Қазақстан U-15 - 1:0 (0:0)

Гол: Виктор Добрев 60;

Ескертулер: Досхан Дуйсенбек 28, Игорь Горошков 76;

Алаңнан қуылған ойыншы: Досхан Дүйсенбек 79;

Болгария U-15: Александр Мадьяров, Асен Митков, Андрей Исой, Георгий Карайванов, Христо Русев, Антуан Стоянов, Виктор Добрев, Любомир Тодоров, Росен Маринов, Кристиан Георгиев, Георгий Димитров;

Аға бапкер - Георгий Георгиев;

Қазақстан U-15: Никита Политик, Асқар Бижан, Богдан Захарченко, Досхан Дүйсенбек, Мирас Манат, Қошали Измоллаев (Әмір Әлихан 41, Ақжол Әбдірахманов 73), Олег Солтанов (Нұрдәулет Тұяқбаев 41, Александр Мигунов 73), Валерий Валмери, Глеб Валгушев (Данил Пастухов 65), Олжас Байбек, Сайын Дінмұхамед (Роланд Хануев 38);

Аға бапкер - Александр Кузнецов;

Біздің футболшылар келесі ойынын 6 қыркүйек күні Словакия U-15 құрамасымен өткізеді.

Ойын кестесі:

04.09.2019 Болгария – Қазақстан 20:00 - 1:004.09.2019 Словакия – Грекия 20:0006.09.2019 Болгария – Грекия 20:0006.09.2019 Қазақстан – Словакия 20:0008.09.2019 Болгария – Словакия 13:0008.09.2019 Грекия – Қазақстан 13:00*Ойындардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.